Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды

Алматы облысында есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері Талғар ауданында есірткінің жасырын өндірісін жойды.

Күдіктілер – туыстық қатынастағы жігіт пен қыз синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактілерін анықтау бойынша жүргізілген “Рефлекс” арнайы операциясы барысында полицияның назарына ілікті.

Жедел қызметкерлер барлық мән-жайларды анықтау және олардың есірткіні өндіру мен таратуға қатысқандығы туралы дәлелдер жинау үшін күдіктілерді бақылап жүрген.

Қылмыстық әрекет расталып, есірткі мен шикізатты қылмыстық мақсатта пайдалануы немесе жоюы мүмкін деген қауіп туындаған кезде қылмыскерлер ұсталған.

Тінту барысында 3,6 келі альфа-PVP синтетикалық есірткісі (7200 –ден астам бір реттік мөлшер), прекурсорлар, респираторлар және синтетикалық есірткі заттарын дайындауға қажетті құрылғылар алынды.

Ұсталғандардың көрсетпелерінен белгілі болғандай, есірткі өндірумен айналысу идеясы бірнеше ай бұрын пайда болған. Алдымен олар Алматы қаласында есірткі жасыруды жүзеге асырған, содан кейін оларды өндіруге көшкен.

Талғар ауданы Тереңқара кентінде үй жалдап, қажетті химикаттар мен жабдықтарды сатып алғаннан кейін, есірткі өндірісін бастап, оны өткізу үшін көтерме саудагерлерді іздестіре бастаған.

Дайын есірткіні кенттің маңында адам жоқ жерлерге Құлжа жолының бойында жасырып отырған.

Күдіктілер есірткі жасырып жатқан жерлерінде ұсталған.

Қазіргі уақытта күдіктілер УҰИ-ға қамалды, олар өз кінәсін толық мойындады. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1,3-тармақтары (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау не өткізу) бойынша сотқа дейінгі өндіріс қозғалды. 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді