Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда Ұлттық ұлан жауынгері муайтайдан чемпион атанды

Оралда муайтайдан ересектер арасында дүбірлі жарыс өтіп түрлі салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталды. Бұл жарыс ел біріншілігіне іріктеу болғандықтан барлық спортшылар татамиде барын салып өз өнерлерін көрсетті.

Ағымдағы жылдың 27-29 қаңтар аралығында Орал қаласындағы Деркул шағын ауданында орналасқан «Орал» спорт клубында ересектер арасында муайтайдан облыс біріншілігі өтті. Аталмыш жарысқа 9 салмақ дәрежесі бойынша 150-ге тарта спортшы сынға түсіп өзара мықтыларды анықтады.

Осы жарысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі қатардағы Али Нәсіпқалиев қатысып  91 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

- Муайтай – өте күрделі спорт түрі. Бұл спортта спортшының дайындығы мен шеберлігі өте жоғарғы деңгейде болу қажет. Мен бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып келдім. Қарсыластарым да жақсы дайындықпен келіпті. Дегенмен осы жарыста дұрыс тактика қолданып, қарсыластарымның осал тұстарын дұрыс пайдалану арқылы жеңіп шықтым. Ендігі мақсат ақпан айында өтетін ел біріншілігіне қатысып чемпион атану деді, - жеңімпаз Али Нәсіпқалиев.

Айта кетейік, осы жарыстың жеңімпаз жүлдегерлері ел чемпионатына қатысатын болады. Муайтайдан ел біріншілігі ағымдағы жылдың 21-25 ақпан аралығында Шымкент қаласында өтеді деп жоспарлануда. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады