Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда спорттық бағдарлаудан Орал қаласының ашық чемпионаты өткізілді

Батыс Қазақстан облысында спорттық бағдарлаудан Орал қаласының ашық чемпионаты оздырылды. 3 күнге созылған спорттық шара қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді. Аталмыш жарыста М.Өтемісов атындағы БҚУ, №26 Жалпы орта білім беретін мектебі, Облыстық туризм орталығы, Бәйтерек, Теректі, Қаратөбе, аудандары мен Орал қаласының спортшылары өзара бақ сынасты, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Чемпионатқа жалпы саны 120-ға жуық спортшы қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсете білді.


Спорттық жарыс «спринт», «орта», «кросс» қашықтықтарын қамтыды. Жарысқа 12, 14, 16, 18 жас ерекшеліктері бойынша ер балалар мен қыздар және 20, 21 жастан жоғары жас ерекшеліктеріндегі ерлер мен әйелдер қатысты. Аталмыш Орал қаласының ашық чемпионаты барысында спортшылар спорттық бағдарлау бағыттарында белгіленген межеге тез жету, қойылған бақылау нүктелерін ереже бойынша бағындыруды меңгеру кезіндегі бәсекелестік қабілеттері арқылы жоғары нәтижеге жетті. Қызықты да тартысты ойын барысында спортшылардың жылдамдығы, ептілігі және логикалық ойлау қабілеттері байқалып, сарапқа салынды. Табиғат аясында өткізілген дәстүрлі жарыс қатысушылардың көңілінен шықты. Төрешілер алқасы былтырғымен салыстырғанда командалардың спорттық бағдарлау деңгейінің өскендігін атап көрсетті. Жарыс қашықтықтары «Орал» спорт клубының спорттық туризм базасы аумағындағы орманды алқаптың жаңа полигонында ұйымдастырылды.


Ерекше атмосферада өткен чемпионат қорытындысы бойынша спортшылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жарыс қатысушыларының ұпай жиынтығы бойынша жүлделі І орынды Теректі ауданының командасы қанжығалады. Ал Орал қалалық «Атамекен» командасы қарсыластардан сәл артта қалып, ІІ орынды иеленсе, Бәйтерек ауданының командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты