Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Желіде кредиттердің кешірілетіні туралы жалған ақпарат тарады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "кредиттерге рақымшылық" жасалғаны туралы әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми сайты хабарлады, деп жазады kazlenta.kz 

Агенттіктің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде "кредиттік рақымшылық" жүргізілді және қарыздардың барлық түрі есептен шығарылды деген ақпарат мерзімді түрде таратылуда. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттар шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "азаматтарды адастыру және олардың қаржылық жағдайын қиындататын әрекеттерге итермелеу мақсатында таратылатын ақпараттың дәйексіздігі туралы мәлімдейді" - делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Бұл ретте агенттік былтыр несиесі бойынша қарызы бар азаматтарды қолдауға бағытталған бірыңғай тәртіп енгізілгенін еске салып өткен. "Атап өтейік, кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарды қолдау үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілді. Кредиттердің мерзімі өтіп кеткен жағдайда қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет. Онда олардың өтініші қаралады және проблемалы берешекті қайта құрылымдау шарттары ұсынылады" - дейді ведомство өкілдері.

Агенттік қарызды қайта құрылымдау шарттарын атап өтті: сыйақы мөлшерлемесін төмендету; төлемді кейінге қалдыру; өтеу әдісін өзгерту; қарыз мерзімін ұлғайту; мерзімі өткен негізгі борышты және (немесе) сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл), қарызға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді жою және тағы басқа түрінде болуы мүмкін. Агенттіктің хабарлауынша, берешекті реттеу туралы шешім қарыз алушының қаржылық жай-күйін және оның қаржы ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындау жөніндегі мүмкіндіктерін терең талдау негізінде жеке тәртіппен қабылданады. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді