Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компанияға қаржы салуға шақырғандарға сенбеуге керектігін айтты. Компанияның мәліметінше, мұндай схеманы алаяқтар қолданады, деп хабарлайды kazlenta.kz

"Қазіргі уақытта алаяқтардың Қазақстан азаматтарын "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына қаржы салуға шақырып, арнайы сайт, мобильді қосымша құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Олар халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге шақыруда.

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарын қаржысын қандай-да бір инвестициялық жобаларға салуға шақырмағанын мәлімдейді. Таратылып жатқан жалған жарнамалық хабарландыруға сенбеңіздер. Сақ болыңыздар! Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығына көз жеткізіңіздер. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты ресми сайтында, сондай-ақ YouTube, Facebook, Instagram, Telegram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды", - делінген ұлттықа компания хабарламасында.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқармасы төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаевтың айтуынша, ұлттық компания құқық қорғау органдарына жүгінген және аталмыш фактілер бойынша Нұр-сұлтан полиция департаменті қылмыстық іс қозғаған. "Маусым айынан бастап тергеу жүріп жатыр. Барлық қазақстандықтан қырағы болуды сұраймыз, компания қызметі туралы барлық ақпарат біздің ресми сайтымызда қолжетімді. Тек ресми дереккөздерге жүгінулеріңізді сұраймыз", – дейді ол. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті