Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «World Business Consulting» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша бірқатар тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар азаматтарға World trend Strategies, Confidence World Group, HUBB international, Riviera imperial, Asteco және басқа үлестес компаниялардың инвестициялық жобаларына ақшалай қаражат енгізуді ұсынды. Өз кезегінде, бұл компаниялар заңды қызметтен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен сыйақы алуға кепілдік беріп отырған.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес «World Business Consulting» қызметінде қаржы пирамидасының белгілері анықталды.
Қазіргі уақытта тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
ҚМА азаматтарды сақ болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.
Егер Сіз немесе Сіздің жақындарыңыз «World Business Consulting» қызметіне кез болған жағдайда, Алматы қаласы бойынша ЭТД-ге Жібек Жолы даңғ., 127 мекенжайы және 8-775-923-40-90, 8 708 192 2818 телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.
Басқа қалалардың тұрғындары тиісті қаланың/облыстың ҚМА аумақтық департаментіне жүгіне алады.