Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет пен қаржы реттеушілері макроэкономикалық саясатты үйлестіру үшін бірікті – Ә.Ерғалиев

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Осы келісім бойынша негізгі баяндаманы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев жасады. Ведомство басшысы Келісім шеңберіндегі Үкімет пен қаржылық реттеушілердің үйлестірілген іс-қимылы жаңа экономикалық шындықтағы экономиканы үдемелі қалпына келтіруге және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін атап өтті.


«Халықтың өмір сүру деңгейін және әл-ауқатын арттыруға алып келетін экономиканың сапалы және тұрақты дамуын қамтамасыз ету Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының басты басымдығы болып табылады. Бұл ақша-кредит, салық-бюджет және құрылымдық саясатты, сондай-ақ қаржы секторын дамыту саясатын үйлестіруді талап етеді. Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің келісілген іс - қимылын қамтамасыз ету үшін 2021-2023 жылдарға арналған Макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім әзірленді», - деді Ә.Ерғалиев.


Келісімде тараптардың бірлескен қызметінің қағидаттары мен негізгі бағыттары үш бағыт бойынша белгіленген: макроэкономикалық тұрақтылықты арттыру, қаржы нарығын дамыту және экономикалық өсудің ұзақмерзімдік әлеуетін арттыру.


Министрдің айтуынша, бірінші кезекте төмен инфляция, қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономиканың өсуі арасындағы теңгерімді қамтамасыз ете отырып, іскерлік белсенділікті ынталандыру үшін контрциклдік макроэкономикалық саясат іске асырылады. Экономиканың жаңа құрылымы бәсекеге қабілетті шикізаттық емес секторға, қосылған құнның өңірлік және жаһандық тізбегіне енуге негізделеді.


«Экономиканы әртараптандыру агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды, индустрияландыруды, сондай-ақ сапалы цифрландыруды жүргізуді көздейді. Инвестицияларды таргеттелген тарту шеңберінде жаңа инвестициялық циклді іске қосу үшін қосылған құн тізбегінің әрбір кезеңінде капитал ұстаушыларымен тікелей жұмыс жүзеге асырылатын болады», - деді ол.


Бұдан басқа, тараптар төлем балансының теңгерімділігін қолдауға бағытталған белсенді сыртқы сауда саясатын ұстанады.


ҰЭМ басшысы қазіргі уақытта елімізде бизнесті жүргізуге және дамытуға қолайлы жағдай жасауға арналған Кәсіпкерлікті дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын еске салды.


Кәсіпкерлік қызметті ынталандырудың шұғыл шаралар пакеті шеңберінде Үкімет бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемені азайтуды көздейтін реттеу саясатын түбегейлі оңайлатуды қарастыруда. Бұл ретте салық-бюджет саясатының басты мақсаты Ұлттық қор қаражатын пайдалануды қысқарту, шикізаттық емес сектордан түсетін кірістердің өсуін ынталандыру және бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру есебінен мұнай емес тапшылықты азайту болып қала береді.


Келісім үш жылға бекітіледі. Бұл ретте Келісімге қатысушылар өзара іс-қимылдың көрсетілген бағыттарымен шектелмейді. Іс-қимылдарды үйлестіру тұрақты мониторингілеу мен қабылданған және болжанатын шараларды талқылау арқылы жүзеге асырылады. Келісімді іске асыру мониторингі нәтижесі негізінде ол жыл сайын өзектендіріліп, жылжымалы негізде бекітілетін болады.  


«Келісімді іске асыру үшін нақты шаралар мен бекітілген көрсеткіштері бар Жол картасы жасалды. Келісім Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің экономикалық өсуді қалпына келтіруге, экономиканы ауқымды, терең трансформациялауды жүзеге асыруға және тиімді макроэкономикалық саясатты жүргізуге бағытталған іс - қимылын үйлестіруге мүмкіндік береді», - деді Ә.Ерғалиев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді