Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда үй бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін

Келер жылы елімізде тұрғын үй құрылысы 40 пайызға азаюы мүмкін. Сәйкесінше, мамандар үй қымбаттайтынын болжауда. Қазірдің өзінде баспана бағасы мәз емес. Әсіресе мегаполистер мен облыс орталықтарында пәтер құны аспандап тұр, деп хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасаған kazlenta.kz

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басында жаңадан салынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрі орта есеппен 386 мың теңге болса, қазан айында 430 мыңға көтерілген. Қызылордада жаңадан салынған үйдегі пәтердің 1 шаршы метрі - 185 509 теңге. Ал алып-сату бағасы - 277 мың теңге. Бұл еліміз бойынша төмен баға болып есептелгенімен, жыл басынан бері аймақта баспана бағасының өскендігі байқалады. Айдостың осы салада жүргеніне 4 жыл болған. Содан бері жылжымайтын мүлік нарығында едәуір өзгерістер орын алғанын айтады. Соңғы уақытта көпқабатты үйлердің бағасы шарықтаған. Сондықтан сатып алушы да аз.

"2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жылжымайтын мүліктің сатылымы өте төмен болып тұр. Себебі мүліктің бағасы жоғарылағанымен, халықтың әл-ауқаты жетіңкіремей жатыр. Мүліктің сапасы бағасына сәйкес келмей жатыр. Себебі Қызылорда қаласында жылжымайтын мүліктердің, пәтерлердің жылдары ескі", - дейді Айдос Мырзабай.

Шымкентте тек жаңа бой көтеріп жатқан тұрғын үй кешендеріндегі баспаналардың бағасы 15-20 пайызға өскен. Мамандардың айтуынша, бұл құрылыс материалдары құнының қымбаттауына байланысты. Пәтерлерді жалға беру ақысы да біршама көтерілген. Телеарна мәліметінше, қазір бас қалада бір және екі бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Көбі мемлекеттік ипотекалық бағдарлама арқылы алады дейді тәуелсіз сарапшылар. Егер жаңа пәтерлер тұрғындар үшін қолжетімсіз болса, құрылыс компаниялары тығырыққа тіреледі.

Ә. Дүкембаева скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді