Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қарастырылды

Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары қарастырылды
Фото: primeminister.kz

Маусымаралық кезең қарсаңында Үкіметте жылыжай көкөністері, ет және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды. Ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және бағаның өсуін тежеу мәселелері Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазан айының қорытындысы бойынша азық-түлік бағасының айлық өсімі 0,2%-ды құрады. Ал жылдық азық-түлік инфляциясы қыркүйектегі 8,5%-дан қазанда 7,6%-ға дейін баяулады.

Жиында қаралған негізгі мәселелердің бірі - маусымаралық кезеңде әдетте қымбаттайтын қияр мен қызанақ бағасын тұрақтандыру. Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі өнім бағасының өсуін тежеу бойынша келіссөздер жүргізу үшін 40 ірі жылыжай шаруашылығын анықтады.

Атап айтқанда, электр энергиясын көтерме нарықтан сатып алатын 14 ірі жылыжай шаруашылығын бөлшек сауда тарифіне көшіру мүмкіндігі қарастырылуда. Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті тетікті әзірлеу тапсырылды. Өз кезегінде бұл кәсіпорындар қияр мен қызанақтың өндірушіден алу бағасын тұрақтандыру бойынша міндеттемелер қабылдауы тиіс.

Халықтың ет өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік жасау үшін өңірлерде «Соғым-FEST» мамандандырылған ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу тәжірибесі кеңейтілуде. Мұндай жәрмеңкелерде тұрғындар етті делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады. Сонымен қатар ішкі нарықты ет өнімдерімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету мақсатында сиыр және қой еті экспортын реттеудің қосымша тетіктері қаралды.

Кеңесте сүт өнімдерінің бағасына да ерекше назар аударылды. Салалық министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері шикі сүттің бағасы 6,4%-ға, сүт өнімдерін өндірушілердің босату бағасы 5,4%-ға, ал тұтыну бағасы 5,8%-ға өскен. Ал бағаның одан әрі қымбаттауын тежеу үшін шикі сүт өндірушілер мен сүт өңдеу кәсіпорындары арасындағы келісімдерді бекіту, оның ішінде бағаны тұрақтандыру жөнінде меморандумдар жасасу ұсынылды.

Сондай-ақ  жиында азық-түлік инфляциясын бақылауға арналған ақпараттық жүйе таныстырылды. Жүйе тауар топтары мен өңірлер бойынша баға өзгерісін қадағалауға, әлеуметтік маңызы бар және басқа да азық-түлік тауарларының инфляцияға әсерін бағалауға, сондай-ақ өнімдердің қымбаттауына ықпал ететін негізгі себептерді анықтауға мүмкіндік береді.

Кеңес қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға баға мониторингін күшейту, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу тәжірибесін кеңейту және ішкі нарықта азық-түлік тауарларының жеткілікті көлемде болуын қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды