Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегінің жолы кесілді

Павлодар облысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру дерегінің жолы кесілді
Фото: polisia.kz

"Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен бірлесіп, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісінің жолын кесті,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Жетекші ауылы маңындағы Шығыс өнеркәсіптік аймағының аумағында карьерден заңсыз топырақ қазып алғаны үшін КамАЗ жүк көлігі мен тиегіш техникасының жүргізушілері ұсталды.

– Құқық бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Павлодар облысының Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасына жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.

Полиция азаматтарға жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары заңнама талаптарына сәйкес, тиісті рұқсат құжаттары негізінде ғана жүргізілуі тиіс екенін ескертеді. Табиғи ресурстарды заңсыз өндіру заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады. Құқық қорғау органдары мұндай заң бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды