Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда сәулет және қала құрылысына арналған SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтеді

Алматыда сәулет және қала құрылысына арналған SHARE Kazakhstan 2026 халықаралық форумы өтеді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 24-25 қарашада сәулет және қала құрылысына арналған SHARE Kazakhstan 2026 екінші халықаралық форумы өтеді. Жиынға қала әкімдігінің өкілдері, Қазақстан мен шетелдің жетекші сәулетшілері, қала құрылысын жоспарлау мамандары және девелоперлер қатысады. Олар Алматының болашақ даму бағыттарын талқылап, халықаралық тәжірибе алмасады, деп хабарллайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумның негізгі тақырыптары – қалалық ортаны дамыту, құрылыс тығыздығын тиімді жоспарлау, биік ғимараттардың қауіпсіздігі және мегаполис қарқынды өскен кезеңде қоғамдық кеңістіктердің сапасын арттыру.

Форум аясында биік ғимараттар салу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық кеңістіктерді дамыту мәселелері кеңінен талқыланады. «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институтының, Урбанистика орталығының, Alatau City Authority өкілдері мен шетелдік сәулетшілер биік құрылысқа қатысты мүмкіндіктер мен шектеулерді, қала ортасының жайлылығын және сәулеттік шешімдердің тұрғындар өміріне ықпалын талқылайды.

Халықаралық сарапшылар бағдарламасына Zaha Hadid Architects, Foster + Partners, Kohn Pedersen Fox (KPF), Gehl және Aedas сияқты танымал сәулет бюролары мен компанияларының мамандары қатысады. Олар биік ғимараттарды жобалау, қоғамдық кеңістіктер құру және әлемнің түрлі елдерінде ауқымды сәулет жобаларын жүзеге асыру тәжірибесін бөліседі.

SHARE Kazakhstan 2026 форумы Алматының болашақ келбеті қандай болуы керектігі жөніндегі кәсіби пікір алмасу алаңына айналады. Сондай-ақ жиында қала тұрғындарының мүддесін ескере отырып, қалаларды тұрақты дамытуға бағытталған халықаралық тәсілдер талқыланады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды