Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда бір жылда жаңа баспана бағасы қанша пайызға қымбаттады

Бір жыл ішінде жаңа баспананың құны 19,6, қайталама нарықтағы тұғын үйдің бағасы 26,4 пайызға өскен. Ал жалдамалы пәтер құны ай сайын 0,4 пайызға қымбаттап отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz Еnergyprom ресурсына сілтеме жасап.


Еnergyprom дерегінше, шілде айынының өзінде жаңа пәтер - 0,5, ал бір жылда - 19,6 пайызға қымбаттаған. Екінші нарықтағы баспана бағасы бір айда - 0,8, бір жыл ішінде - 26,4 пайызға өскен.


Жалдамалы пәтер бағасының өсімі айына - 0,4 пайызды құрап отыр. Ал өткен жылдан бері бұл баға - 20,8 процентке көтеріліпті.

Сарапшылардың пікірінше, баспана құнының қымбаттауына жанама факторлар әсер етіп отыр. Мәселен, тұрғын үйге қызмет көрсету және жөндеу секторындағы қызметтер бір жылда - 15,3, құрылыс материалдары - 20,5 пайызға өскен. Бұл орайда импортқа тәуелділік жағдайды күрделендіріп отыр.


Пәтер жалдауға деген сұраныс өткен жылмен салыстырғанда биыл үш есе артқан. Бұл - Ресей мен Украинадан көп келіп жатқан адамдар санына байланысты. Олардың басым бөлігі Алматыда қалса, кейбірі Ресейге жақын орналасқан қалаларға қоныстануда. Аталған фактор тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуіне әсер етіп отыр.


Сонымен қатар маусым-шілде аралығында доллар бағамы көтеріліп, бір жылда теңге 11,6 пайызға арзандады. Доллардың орташа айлық өсімі - 7,6 пайыз. Сондықтан ұлттық валютаның құнсыздануы – баспана нарығындағы бағаға жанама әсер етуі мүмкін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады