Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда жылқы етінің бағасы бір жылда 16,5 пайызға өсті

Биыл қаңтар-маусым айлары аралығында шаруашылықтарда сойылған және союға өткізілген жылқы етінің көлемі 125 мың тоннаға жеткен. Соған қарамастан Қазақстанда жылқы еті өткен жылмен салыстырғанда 16,5 пайызға қымбат, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Сайт мәліметінше, соңғы алты ай ішінде елімізде ең көп жылқы Түркістан облысында сойылған. Бұл өңірде сойылған малдың таза етінің салмағы 7,5 мың тоннаны құраған. Көшбасшылар үштігіне Абай (сойылғаннан кейінгі ет салмағы - 7,1 мың тонна) және Ақтөбе (сойылғаннан кейінгі ет салмағы - 5,5 мың тонна) облыстары да кірген.1 шілдедегі ақпарат бойынша елімізде 4,1 млн бас жылқы бар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,6 пайызға көп.

Аталған мал басы көп өңірлер - Түркістан, Қарағанды және Абай облыстары.Шілде айында Қазақстанда базарлар мен дүкендерде жылқы еті келісіне 2 900 теңгеден саудаланған. Ал өткен жылы ет бағасы 16,5 пайызға төмен болған.

Баға шарықтаған аймақтар қатарын Солтүстік Қазақстан облысы бастап тұр. Мұнда жылқы етінің құны 28,8 пайызға өскен. Сонымен қатар Ақтөбе облысы мен Шымкент қаласында да баға көтерілген. Ең төменгі жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді. Онда жылқы еті 4,5 пайызға қымбаттаған.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Мультимедиа
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді
Әлихан Смайылов IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесті