Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбылда 600 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысында тұрғын үй құрылысы екпінді қарқынмен дамуда. Ағымдағы жылдың 11 айында өңірде 598,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,5 пайызға артқан. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Жыл басынан бері 35 көпқабатты тұрғын үй (1899 пәтер) пайдалануға берілсе, жыл қорытындысымен барлығы 44 көпқабатты тұрғын үй (2461 пәтер) тапсырылмақ.

Аймақ басшысы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық саласы да жақсы қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Ағымдағы жылы жол саласын дамытуға 12,7 млрд. теңге бөлінген.  Мемлекеттік бағдарламалар аясында 479,1 шақырым жолды салу және жөндеу жоспарланған. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 90 пайыздан 95 пайызға, елді мекендер көшелерінің үлесі 77,2 пайыздан 79,2 пайызға артады.

Облыс әкімі әлеуметтік мәселелерді шешу де – негізгі назарда екенін баса айтты.

Ағымдағы жылы өңірдегі  12 ауылдық елді мекенге (45 мың адам) ауыз су тартылып, нәтижесінде халықты сумен  қамту көрсеткіші 82,2 пайыздан 88,7 пайызға дейін өседі деп көзделуде.

Сондай-ақ, 20 елді мекендегі 16 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылып, тұрғындарды газдандыру үлесі 88,6 пайызға жетеді.

Тасымалдаушылар 32 жаңа автобус сатып алған, тағы 40 автобус  алу жоспарлануда.

Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін «Тараз-Алматы» бағыты бойынша күнделікті рейстер қайта ашылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын