Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада кезекті «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтті

Астанада кезекті «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтті
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада еліміздің әр өңірінен келген отандық фермерлер мен қала тұрғындарының басын қосқан кезекті ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі – «Соғым-FEST» өтті. Бұл жолы іс-шара Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылып, III Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумының аясында өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкені ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана әкімдігі ұйымдастырды. «Соғым-FEST» жәрмеңкесінің басты ерекшелігі – делдалсыз, тікелей сату форматы. Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және басқа да облыстардың фермерлік шаруашылықтары өз өнімдерін қала тұрғындарына тікелей ұсынды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба соғым сою дәстүрін заманға сай жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл фермерлер үшін өнім өткізудің тиімді жолы болса, қала тұрғындарына сапалы жергілікті етті тиімді бағамен сатып алуға жағдай жасайды.

Жәрмеңкеде сиыр етінің бір келісі 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, қой еті 3 700 теңгеден сатылды. Сауда орындарына жеткізілген барлық еттің сапасы мен қауіпсіздігі міндетті зертханалық тексеруден өтті.

«Ет – халықтың негізгі азық-түлік өнімдерінің бірі. Сондықтан мұндай жәрмеңкелердің маңызы зор. Мұнда етті тиімді бағада сатып алуға болады. Өзім Арқалықтан шыққанмын. Туған өлкемізден жеткізілген жылқы етін келісі 3 500 теңгеден алдым. Барлығы 25 келі сатып алдым. Ұйымдастырушылар мен қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», – деді сатып алушы Бердіқұл Айнияз.

«Соғым-FEST» сауда орындары сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін елорданың төрт алаңында жұмыс істеді. Олар:
* «Keruen Joly» сауда орталығы (Алаш тасжолы, 35Б);
* «Ет Әлемі» (Алаш тасжолы, 31/1);
* «Jurt» (Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3);
* «ERA» базары (Қорғалжын тасжолы, 96).
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін сауда орындарына қалалық және қала маңына жүретін автобустар қатынады.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды