Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлытау облысында пайдаланылмай жатқан 7,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды

Ұлытау облысында пайдаланылмай жатқан 7,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Ұлытау облысында нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмай келген жалпы көлемі 7 260 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз  қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Ұлытау облысы бойынша жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында жер заңнамасының талаптары бұзылғаны анықталды. Тексеру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің біріне қатысты жүргізілген.

Нәтижесінде Ұлытау ауданы аумағында орналасқан жер телімінің нысаналы мақсатына сәйкес игерілмегені белгілі болды. Заңбұзушылықты жою мақсатында жер пайдаланушыға тиісті нұсқама берілген. Алайда ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші нұсқамада көрсетілген талаптарды орындауға мүмкіндігі жоқ екенін жеткізіп, жер учаскесін толықтай өз еркімен мемлекетке қайтарды.

Қайтарылған жерлер оларды қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге және жерді тиімді пайдалануға дайын азаматтар мен шаруашылықтарға беруге жол ашады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тиімді жалғасатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды