Абай облысында 11 мыңнан астам экологиялық және абаттандыру талаптарын бұзу дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Таза Қазақстан” аясында Абай облысының полиция қызметкерлері елді мекендердің тазалығы мен қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде. Жыл басынан бері өңірде 11 577 құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның 10 545-і – абаттандыру қағидаларын сақтамау, 1 032-сі қоғамдық орындарды ластау дерегі. Сондай-ақ 81 заңсыз қоқыс орны анықталып, жойылды.
Бұған қоса, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарды ластау және қалдықтарды заңсыз төгу фактілері де бақылауға алынған. Полиция тұрғындарды тазалыққа бейжай қарамауға, қоршаған ортаға жанашырлық танытуға және абаттандыру талаптарын сақтауға шақырады.