Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісуда жылына 600 мың тонна өнім өндіретін агроөнеркәсіптік кешен салынады

Жетісуда жылына 600 мың тонна өнім өндіретін агроөнеркәсіптік кешен салынады
Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Жетісу облысында ірі агроөнеркәсіптік кешен құруға бағытталған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. «АгроКомплекс Уштобе» серіктестігі Қаратал ауданының Үштөбе қаласында он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемей тұрған ұн комбинатын қайта іске қосып, өндіріс орнын жаңғыртуда. Жоба аясында бұрынғы ғимараттар қалпына келтіріліп, олардың базасында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін үш өндіріс орны ашылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешеннің жылдық өндірістік қуаты 600 мың тоннаға дейін жетеді. Атап айтқанда, мұнда жылына 300 мың тоннаға дейін құрама жем, 150 мың тонна май мен тоңмай және 150 мың тонна ұн өндіру жоспарланған. 2026–2028 жылдарға межеленген жоба толық жүзеге асқанда, Қаратал ауданында 300-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады.

Жоба үш кезеңмен іске асырылады. Қазір кәсіпорын аумағында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғимараттардың құрылыс құрылымдары нығайтылып, инфрақұрылым жаңартылуда.

Бірінші кезеңде, алдағы жылы, жылына 300 мың тоннаға дейін құрама жем өндіретін зауытты іске қосу көзделген. Бұл отандық жем өндірісін ұлғайтып, мал шаруашылығын жемшөппен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейтеді.

Екінші кезеңде жылына 150 мың тонна май өндіретін кәсіпорын іске қосылады. Ал 2028 жылы жобаның соңғы кезеңі аясында жылына 150 мың тоннаға дейін астық өңдей алатын жаңғыртылған ұн комбинаты пайдалануға беріледі.

Осылайша, бір өндірістік алаңда ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеудің өзара сабақтас үш бағыты шоғырланбақ. Бұл өңдеу көлемін ұлғайтып, отандық өнім түрлерін көбейтуге, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатына деген сұранысты арттыруға ықпал етеді.

Жобаның маңызды нәтижелерінің бірі – он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемей тұрған өндіріс орнының қайта жандануы. Бос тұрған өндірістік ғимараттардың орнына заманауи агроөнеркәсіптік кешен құрылып, өңірде жаңа жұмыс орындары ашылады. Сонымен қатар бұл бастама жергілікті кәсіпкерліктің дамуына да серпін береді.

Кәсіпорынның іске қосылуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мал шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары арасындағы байланысты нығайтады. Құрама жем, май және ұн өндірісінің жолға қойылуы ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуден бастап, қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға дейінгі тұтас өндірістік тізбекті қалыптастырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды