Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетауда күдіктіден 300-ден астам есірткі орамы тәркіленді

Көкшетауда күдіктіден 300-ден астам есірткі орамы тәркіленді
Фото: polisia.kz

Көкшетауда полицейлер күдіктіден 300-ден астам есірткі орамын тәркіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел жұмысының нәтижесінде таратуға дайындалған психотроптық заттары бар 300-ден астам түйіншектің есірткі тұтынушыларына жеткізілуіне жол берілмеді. Кезекті ұстау Көкшетауда жүргізілді. Жедел қызметкерлер 36 жастағы жергілікті тұрғынды қамауға алды, ол қойма-ораушы рөлін атқарды. Полиция қызметкерлері одан психотроптық затпен, ал оның тұрғылықты жерінен 300-ден астам алдын ала оралған есірткіні тапты.  Сонымен қатар тінту барысында синтетикалық препараты бар пластик ыдыстар, буып-түю материалдары, электрондық таразылар және жасырын орындардың координаттары бар дәптерлер тәркіленді. Барлық табылған зат сараптамаға жіберілді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленгеннің жалпы салмағы әр түрлі психотроптық заттардың жарты килограммынан асады. Полицейлер анықтағандай, қатысушы төрт айға жуық есірткіні заңсыз таратумен айналысқан. Алдымен ол есірткіні жасырын салушы болып жұмыс істеді, содан кейін қойма-ораушы рөліне ауысты: ол қапталмаған заттардың партияларын алатын, дозаларды өз бетінше дайындап, жасырын орындарды жабдықтайтын, кейіннен олар басқа жасырын салушыларға берілді. Ер адам өзінің заңсыз қызметі үшін криптовалютада төлем алған.Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, құқыққа қайшы қызметтің барлық мән-жайлары және ықтимал қатысушылары анықталуда.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды