Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында тұрғын алтын өңдейтін заңсыз жерасты цехын жасырған

"Браконьер" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Мойынқұм ауданының полицейлері құрамында бағалы металдар бар шикізатты, тастарды заңсыз өңдеумен айналысатын жерасты цехының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Жамбыл облыстық Полиция департаменті Instagram парақшасында. 

Ведомство мәліметінше, жеке тұрғын үйді тексеру кезінде электрлік ұнтақтау диірмені, ұнтақталған кеннің қалдықтары, елек, магнит, таситын арбалар, күректер, сынапты сұйықтық, 2 үлкен қазандық және 10 тоннаға жуық алтын кені табылған. Полиция қоймада 30 және 58 жастағы екі жұмысшы болғанын мәлім етті. Ұсталғандардың айтуынша, олар ақылы түрде жұмыс жасаған. Полиция қызметкерлері цехтың қожайыны - 37 жастағы жергілікті тұрғынды да анықтап, ұстаған.

"Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1-бөлігі (Бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды", - делінген департамент хабарламасында. 

Облыстық ПД баспасөз қызметі қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал көлемі анықталу үстінде екенін жеткізді. Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді