Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған елордалық азамат ұсталды

Жамбыл облысында ірі көлемде есірткі тасымалдаған Нұр-Сұлтан тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz 

"Қарасора-2022" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, патрульдік полиция батальонының, ПД кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерінен арнайы мобильді топ құрылды. Олар Жамбыл облысының аумағына кіретін және шығатын автокөлік құралдарын тексеру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде.

Осындай іс-шаралар барысында Алматы-Екатеринбург республикалық маңызы бар тас жолының 360-шақырымындағы Мойынқұм ауданы Шығанақ кентінің жанында Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-21014 автокөлігін тоқтатты. Тея қызметтік-іздестіру итімен бірге автокөлікті тексеру барысында көлік салонынан ақ полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 3 келі 30 грамм болатын гашиш табылды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде", – деді Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді