Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында «Мобайл Телеком-Сервис» ұялы байланыс операторының базасында (Теле 2 байланысы) Cell Broadcast жүйесін өрістету бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Ол азаматтардың ұялы телефондарына мәтіндік хабарламаларды (12-20 секунд ішінде) жедел таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл SMS-хабарламалар арқылы халықты хабардар етудің балама шешімі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Жобаның мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы ықтимал төтенше жағдайлар (ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы және т.б.) туралы халықты уақтылы хабардар ету болып табылады.
Бұл жүйе АҚШ, Жапония, Израиль, Голландия, Чили және Литвада өзін оң жағынан көрсетті.
2022 жылғы 23 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында осы жүйе сынамалы түрде іске қосылды. Халыққа «Президенттік құлақтандыру» және «Ұлттық құлақтандыру» хабарламасы келді. Жүйе шетелде әзірленген және осы хабарламалардың атауы тестілік болып табылады. Алдағы уақытта хабарламалардың атауы «112» деп ауыстырылатын болады.