Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің басшылығы бөлімі «Есепте тұрған тұлғаларға автоматтандырылған хабарламалар жіберу» пилотты жобасын іске қосты, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Ай сайын бостандығы шектелген және шартты түрде сотталған тұлғалар ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 66 және 174 баптарына сәйкес пробация қызметіне тіркелуге келіп тұруға міндетті болып табылады. Есепте тұрған тұлғаларға тіркеуге келу туралы міндеттерін тиісті деңгейде хабарлап отыру мақсатында пробация қызметкерлері профилактикалық сұхбаттар жүргізу кезінде жазаны өтеу тәртібін түсіндіреді, өздерінің тәртібі туралы жазбаша есебінде сотталғандар тиісті күні тіркеуге келуге міндеттенеді. Олар себепсіз келмеген жағдайда пробация қызметінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтайды және жазбаша ескертулер жібереді.
Құқық қорғау органдарын цифрлау аясында Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлері жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ақпараттық-аналитикалық жүйені енгізу бағытында жұмыстар жүргізіп келеді. Мысалы, сотталғандар міндетті түрде тіркеуге келуі қажеттілігі туралы СМС хабарламаларын алады. Бастапқыда сотталғандар тексеру кодын растау арқылы телефон нөмірін верификациялауы қажет, тіркеуден өткен соң сотталғандар телефон нөмірлерінің дұрыстығын және өздеріне тиесілі екенін растайды. Одан әрі, телефон нөмірі анкеталық базада көрсетіледі, ал функционалы автоматты түрде сотталғандарға тиісті пробация бөліміне тіркеуге келу уақыты мен күні көрсетіліп СМС хабарламалар жібереді.
«Бұл жобаның қылмыстық-атқару жүйесінде аналогы жоқ, пилотты жобаны бастапқы апробациялау Балқаш қ. ПҚ базасында жүргізіледі. Бүгінгі күні Балқаш қ. ПҚ есебінде 134адам есепте тұр және олар СМС хабарламалар алып тұрады. Алдағы уақытта пилотты жобаны облыс бойынша іске асыру жоспарланып отыр» - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД ПҚББ бастығы әділет подполковнигі Анар Өменова.