Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмола облысында қысқы кезеңдегі ТЖ жағдайына 300-ге жуық жылыту пункті жұмыс істейтін болады

Облыс әкімдігінде өткен отырыс барысында департамент бастығы Нұрлан Атығаев Ақмола облысындағы қысқы кезеңдегі ТЖ дайындық туралы хабардар етті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Қар басатын учаскелерге жақын маңда 193 тамақтану пункті, 268 жылыту пункті айқындалды.

Ақмола облысы ТЖ департаменті қысқы кезеңдегі ТЖ-ға жедел ден қою мақсатында жеке құрамнан 370 адам және өтімділігі жоғары шассиі бар 76 автомобильді дайындады, олар төтенше жағдайлар болуы мүмкін жағдайларды барынша ескере отырып бөлімшелер бойынша бөлінген.

Облыстың автожолдарында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін үш трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді, олар шұғыл жағдайларда жылыту пункттері ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері 642 бірлік қар жинау және инженерлік техника, ЖЖМ - 232,6 тонна, тайғаққа қарсы материал - 3939,5 тонна дайындады. Жалпы алғанда, бұл көрсеткіштер өткен жылғыға қарағанда сәл жоғары.

Сөз соңында спикер боран мен қатты аяз кезінде облыс тұрғындарын ТЖ туралы ескертетінін, алайда көптеген жүргізушілер талаптарды елемей, жолға шығатынын, осылайша қар құрсауына түсіп, өмірлерін қатерге тігетінін атап өтті.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды болдырмау үшін бірінші кезекте ауа-райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді үнемі қадағалап отыру қажеттігін ескертеді. Егер қажет болмаса, онда елді мекеннен тыс жерлерге баруды қажет ететін ұзақ сапарлардан бас тартқан дұрыс. Төтенше жағдайлар туындаған кезде "112" телефон нөміріне хабарласыңыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда