Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлеуметтік-еңбек салаларына цифрлық трансформация қажет — Ә. Смайылов

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысын өткізді, оның барысында әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру мәселесі қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Биылғы 1-қаңтардағы мәлімет бойынша әлеуметтік-еңбек саласында барлығы 12,6 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 9,1 млн немесе 72%-ы электрондық түрде көрсетілді. 

Үкімет басшысы атап өткендей, цифрландыру мемлекеттік сервистің барлық түрін қамтуы тиіс, бұл үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін түгел интеграциялау қажет. Сонымен қатар мемлекеттік қызметтер 100% смартфон арқылы қолжетімді болуы тиіс.

Бірінші кезекте халық ең көп жүгінетін әлеуметтік еңбек салаларына цифрлық трансформация қажет.   

«Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құруды аяқтау қажет», — деді Ә. Смайылов.

Үкімет басшысы цифрлық форматтың мүгедектігі бар адамдар үшін өте маңызды екенін атап өтті. Сондықтан, оларға арналған барлық қызметті,  әсіресе, мүгедектікті медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы сырттай белгілеу қызметін цифрландыру керек.

Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыруды күшейту үшін Премьер-Министр Ә. Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әкімдіктермен және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, жыл соңына дейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің барлық шараларын электрондық форматқа ауыстыруды  қамтамасыз етуді және жұмыс іздеп жүгінген азаматтардың кемінде 40%-ына онлайн режимде қызмет көрсетуді тапсырды. Цифрлық даму министрлігіне Еңбек министрлігімен бірлесіп, биылғы жылғы 25-наурызға дейін Smart Data Ukimet базасында «Отбасының цифрлық картасы» жобасын іске асыру жұмыстарын аяқтау жүктелді. 

Бұдан басқа, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Денсаулық сақтау министрлігімен және әкімдіктерімен бірлесіп, а.ж. 1-маусымға дейін медициналық ақпараттық жүйелерді «мүгедектікті сырттай белгілеу» жобасына қосу және мемлекеттік қызметтің осы түрін сырттай алатын адамдардың үлесін 20%-ға дейін жеткізу тапсырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді