Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер Жамбылдан Алматыға есірткі тасымалдағандарды құрықтады

Полицейлер Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдағандарды ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Полиция қызметкерлері арнайы іс-шараның нәтижесінде Жамбыл облысынан Алматыға есірткі тасымалдайтын арнаны жапты.

– Шілде айында 32 жастағы Г.есімді азамат каннабиноидты тобындағы есірткімен ұсталды. Рұқсат етілген арнайы іс-шаралар барысында ұсталған адам 56 жастағы З.есімді азаматтан есірткіні кейіннен сату үшін сатып алғаны анықталды. Тергеу барысында белгілі болғандай, ірі көлемдегі марихуана есірткісін Жамбыл облысынан әкеліп отырған, – деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдіктінің көлігін полицейлер қалаға кіреберісте бөгеп тастаған. Жеке тінту барысында “марихуана” және “шишка” тұқымдары табылып, тәркіленді.

 – Есірткі жеткізушілерді жою бойынша арнайы іс-шара Жамбыл облысында өтті. Басып алу тобы пайда болған кезде үй иелері есіктерін құлыптап, заттай айғақты дәретханаға ағызып, жоюға әрекеттенген. Бірақ бекер. Рұқсат етілген тінту кезінде жасырылған марихуана тұқымдары, ұнтақ түріндегі есірткі заты бар капсулалар және 160 дана тегіс ұңғылы шолақ мылтығының патрондары, 60 қолдан жасалған патрон, бірнеше қолдан жасалған аңшылық пышақ, мылтық патрондары табылды және тәркіленді. Сондай-ақ, ерекше иісі бар металл ыдыстары да тәркіленді. Үйдің ауласынан 18 гүл құмарасымен есірткі өсірілетін жылыжай табылды, – деді Е. Әлмағамбетов.

Есірткі заттарын сату мақсатында аса ірі көлемде сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды
Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алды
90 мыңға жуық азамат автокөлікке кепілдікті онлайн тіркеді
Атырауда дәстүрлі садақ атудан "Алтын Орда" халықаралық турнирі өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшілері соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады