Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстауда ұрланған мотоциклмен 5 жылқыны жымқырған екеу ұсталды

Маңғыстау облысында ұрланған мотоциклмен бес жылқыны қолды еткен екеу ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Желтоқсан айының басында Қарақия аудандық криминалдық полиция бөлімшесіне Қарақия ауданының “Самолёт ойы” деп аталатын жерінде мал ұрлығымен айналысатын екеу туралы жедел хабарлама келіп түсті.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Жетібай-Құрық тас жолында ГАЗель автокөлігін тоқтатты.

Көлікті тексеру кезінде көк түсті мотоцикл табылды.

Күдіктілер дереу полиция бөліміне жеткізілді. Олар ауылдың 19 және 33 жастағы тұрғындары болды.

Белгілі болғандай, мотоцикл ауыл тұрғындарының бірінен мал ұрлығымен айналысу мақсатында ұрланған. Сонымен қатар, қазіргі уақытта олардың мал ұрлығының үш фактісіне қатысы бар екені анықталды. Олар өз әрекеттерін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Мал ұрылары барлығы 5 жылқыны ұрлап, жәбірленушілерге 1,3 млн теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) және 188-1-бабы 3-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Қаскүнемдер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты