ШҚО-да мал ұрлығымен жүйелі түрде айналысқан ұры оқиға орнында ұсталды, ол ұрланған жылқыны тірідей жеңіл көлік салонына сыйғызған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының полицейлерітиісті іс-шараларды өткізу барысында мал ұрлығымен айналысқан Ұлан ауданының 31 жастағы тұрғыны анықталды. Ұры еркін мал жайылымынан ұрланған малды бірден өлтірмей, оны оңаша жерге алып кетті, содан кейін ғана оған сатып алушы іздеген. Ең қызығы, ол жануарларды тірі күйінде көліктің салонында артқы орындыққа сыйғызып, оқиға орнынан әкетіп отырған.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында кезекті ұрлықты жасау барысында ұсталды. Оны жолда тоқтатқан патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні көліктің салонындағы тірі жылқымен бірге полиция бөліміне жеткізген. Біршама уақыттан кейін ұрланған жылқының иесі табылды, ол оның жоғалғаны туралы мүлдем білмеген.
Қазіргі уақытта тергеу органымен аталған азаматтың жылқылар мен бұзауларды ұрлауға, оның ішінде өткен жылдары жасалған мал ұрлықтарға қатысы бары анықтады.
ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтың айтуынша:
Ведомствода атап өткендей, мал ұрлығына қарсы іс-қимыл Ішкі істер органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып табылады.
Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде облыс аумағында қылмыстың бұл түрі азайды. Ағымдағы жылы мал ұрлығы үшін қылмыстық жауапкершілікке облыстың 52 тұрғыны тартылды, қылмыстың осы түріне мамандандырылған жеті қылмыстық топтың қызметінің жолы кесілді. Полиция департаменті мал жаю ережелерін сақтауға, әсіресе түнгі уақытта малды қараусыз қалдырмауға және орталықтандырылған мал жаюды жүзеге асыруға шақырады.