Ақтөбе облысында көлік ұрылары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Автокөлік ұрлығының алдын алу, жолын кесу, ұрланған автокөліктерді жасыру орындарын анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 11-17 қазан аралығында Ақтөбе облысының аумағында “Автомобиль” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Операция аясында қылмыстық іздестіру қызметкерлері ұрланған автокөліктердің орнын анықтау, сақтау, сату орындарын тексеруді жүзеге асырады мысалы, металл базалар, автокөлік тұратын орындар, гараж кешендері және т.б. Жүргізілген жедел алдын алу шарасы барысында 2 қылмыс ашылды.
Бірінші жағдайда, автокөлік ұрлау фактісі ашылды. Ақтөбе қаласындағы колледждердің бірінің екі студенті автокөлікті бөлшектеп сатудан ресейлік есептегі Ваз-2110 маркалы автокөлігін ұрлап, айдап кеткен. Шығын сомасы 150 мың теңгені құрады. Қазіргі уақытта студенттерге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Екінші жағдайда, “Ақтөбе–Орск” автожолының 67 шақырымда патрульдік полиция қызметкерлері 21 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Уаз-3163030 автокөлігін тоқтатты, оның құжаттарын тексеру кезінде автокөлік нөмірі СоРТС-та көрсетілгенге сәйкес келмеді. Қазіргі уақытта Уаз-3163030 жүргізушісіне қатысты ҚР ҚК-нің 386-бабы 1-бөлігі (Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.