Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығымен айналысып, тұрғындарға 18 миллион теңге шығын келтірген екі бірдей ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен мал ұрлықтарын ашу мен болдырмау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Осындай кезекті жедел іздестіру шаралары кезінде Ордабасы мен Арыс ауданында мал ұрлықтарын жасаған екі бірдей ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Бұл туралы толығырақ ТО Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов брифинг кезінде айтып берді.

– Біз тәжірибемізге сүйене отырып, ұрылардың ізіне түсу мақсатында жедел және жоспарланған әрекеттерді жүзеге асырдық. Мал жайылымдарына шығып, тиянақты тексерулерді ұйымдастырдық. Нәтижесінде Ордабасы ауданынан мал ұрлығымен айналысқан бес күдікті, яғни қылмысты ұйымдастырушы мен сыбайластарын ұстадық. Күдіктілердің бірі – бұрын дәл осындай мал ұрлығы қылмысы бойынша сотты болған Шымкент қаласының тұрғыны. Ал қалғандары – бір-біріне туыс болып келетін Ордабасы ауданының тұрғындары. Бүгінгі күнге дейін күдіктілер жалпы сомасы 10 миллион 400 мың теңге болатын 26 бас жылқыны жымқырған. Олар өздерінің рөлдерін бөліп алып, алдын ала жоспарлы түрде ұрлаған жылқыларын сойып, еттерін базарға алып барып өткізген. Қылмыстық топ мүшелерінен малды артып әкетіп жүрген ГАЗель көлігі мен екі жылқы айғақты зат ретінде тәркілеп алдық. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар жылқылардың еттерін сатып алып отырған сатушы әйел де ұсталды. Дәл осыған ұқсас мал ұрлығын ұйымдастырған тағы бір ұйымдасқан қылмыстық топ Арыс ауданында қолға түсті, – деп жалғастырды өз сөзін Қ.Сахов.

Қолға түскен бұл топтың ұйымдастырушысы өзінің екі сыйбаласымен бірге жайылымға барып, діттеген жылқысын қарумен атып алып, санаулы минуттар ішінде бірден сол жерде сойып, етін BMW көлігіне артып алып кеткен. Содан соң еттерді екі бірдей сатып алушы ер азаматқа апарып ақшаға айырбастаған.

– Тексеру кезінде ұсталған үш күдікті де бұрын осындай қылмысы үшін сотты болған ер азаматтар, яғни Шымкент қаласының тұрғындары екені анықталды. Осыдан соң күдіктілерден жылқылардың еттерін сатып алған екі азамат қолға түсті. Олардың бірі Шымкент, екіншісі Түркістан облысы Сайрам ауданының жергілікті тұрғындары. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жалпы 19 бас жылқыны жымқырып, 7 миллион 600 мың теңгеге шығын келтірген. Аталған топ мүшелерінен BMW жеңіл көлік пен 16 калибрлі аңшы мылтығы тәркіленіп алынды. Бүгінде бұл топ мүшелері де қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда, – деді ТО ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді