Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағының жаңа алаңы пайда болуы мүмкін

АЭА-ың қолданыстағы учаскесінің аумағының қысқаруы есебінен кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан электролиз зауытының жанынан субаймақ құруды ұсынды. Ведомствода бұл қадам арнайы экономикалық аймақты энергетикалық дағдарыстан шығарып, алюминий кластерін құру туралы идеяны жүзеге асыруға мүмкіндік береді деп есептейді. «Павлодар» АЭА-ың ары қарайғы дамуы облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ернұр Жәутікбаев атап өткендей, биыл «Павлодар» арнайы экономикалық аумағында үш жаңа жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында «Казценосфера» ЖШС-ің микросфера өндірісі, пеш отынын өндіретін «CDR Group» ЖШС және металлдарды сұрыптық құюмен айналысатын «Металлэкс» фирмасы» ЖШС бар.  Жалпы алғанда АЭА-ың инвестициялық портфелі 17-і қолданыстағы, 19-ы жүзеге асырылып жатқан, 11-і бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан 47 жобадан тұрады. Алайда, инвесторлар арнайы аумақтағы құрылысқа қаржы құю үшін инфрақұрылым мәселесін шешу қажет.

- Арнайы экономикалық аймақта орын алған электр энергиясының дефицитіне байланысты инвестициялар тарту қарқыны баяулап келеді, - деп атап өтті Ернұр Жәутікбаев. – Техникалық шарттар бойынша берілген 30 МВт-ан қазіір жүзеге асырылып жатқан және келіссөздер жүргізіліп жатқан жобаларға алдын ала бөлінген 5,5 МВт қана қалды. Осылайша, АЭА алаңындағы қолда бар қуат көздері энергияны көп мөлшерде талап ететін металлургиялық жобаларды орналастыруға мүмкіндік бермейді.

Энергетикалық кризистен шығу үшін басқармадағылар энергияны аса көп тұтынбайтын перспективалық жобаларды қамтамасыз ету үшін энергия тарататын және энергия өндіретін ұйымдардан техникалық шарттар алу және қосу нүктелерін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, ведомствода арнайы аймақтың Шығыс өнеркәсіптік аумағының алаңын 1200 гектардан 815 гектарға дейін азайытп, Қазақстан электролиз зауытының жанында субаймақ құруды ұсынып отыр. Бұл шешімге отандық өңдеушілер үшігн бастапқы алюминийдің бағасы оның биржалық құнынан 5%-ға төменге түсетін шикізаттың жақын орналасуы да оң әсер етеді. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов субаймақты ашу бойынша барлық түйткілдер мен оңтайлылықтарды қарап, сосын ғана нақты шешім қабылдауды тапсырды.

- «Павлодар» АЭА-ың дамуына байланысты барлық мәселені облыс орталығының Бас жоспарын есепке ала отырып шешу керек, - деді аймақ басшысы. – Ұсынылған сценарийлердің әрқайсысын мұқият қарап, жыл соңына дейін ең оңтайлысын таңдау қажет. Сонымен бірге, арнайы аймақтың инфрақұрылымын Павлодар қаласының әкімдігінің қызмет көрсетуіне ауыстыру мәселесі тұр. Бұл мәселе бойынша да нақты шешім қабылдау қажет. Жалпы алғанда, арнайы экономикалық аймақты дамыту перспективалары біз үшін аса маңызды. АЭА-қа салынып жатқан инвестициялардың тиімділік көрсеткіштері жаман емес, алайда, инфрақұрылымды қатамасыз етудегі кейбір мәселелер арнайы экономикалық аймақтың тартымдылығын төмендетіп тұр. «Павлодар» АЭА жаңа қарқынмен дамуы үшін инфрақұрылыммен айналысу қажет.

Сонымен бірге, жұмыс кездесуінде Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджетті игеру қарқыны сөз болды. Әкім қалалар мен аудандардың басшыларымен қатар, өңірлік басқармалардың жетекшілері де жыл басында анықталған макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша және бюджет қаражатының толық әрі тиімді жұмсалуы үшін жеке жауапкершілік арқалайтынын еске салды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді