Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Президенті: Павлодар облысындағы басты мәселелердің бірі - экологиялық проблемалар


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысындағы «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ-ның кеңесі барысында өңірдің индустриалды дамуына бөлінетін қаржы көлемі мен экологиялық проблемалардың өзектілігі туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі. 

«Тәуелсіздік жылдары Ертіс өңірінің экономикалық әлеуеті айтарлықтай нығая түсті. Елбасы бастамашылық еткен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында 988 млрд теңге сомасына 90-нан астам жоба жүзеге асырылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ретте, экологиялық проблемалар, соның ішінде индустриялық кәсіпорындардың қоршаған ортаға қалдықтарды бақылаусыз шығаруы өңірдегі басты түйіткілдердің бірі болып табылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Президент Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесетіні жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-ға, Жастар бастамаларын дамыту орталығына және Назарбаев Зияткерлік мектебіне баратыны көзделген.


Фото: inform.kz
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді