Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 77 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Жыл сайын ОКҚ-да өтетін брифингте Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс орындарын құру және индустриялық жобаларды іске асыру шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Мегаполис әкімі Б. Сағынтаев хабарлағандай, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматыда 77,6 мың жаңа, соның ішінде 36,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік субъектілерімен 29,8 мың жұмыс орны ашылды.

«Алматы әкімдігімен жүзеге асырылған дағдарысқа қарсы шаралар пакеті азаматтардың жұмыс орындары мен кірістерін сақтауға, ШОБ қолдауға, өндірістік тізбектегі жаңа тапсырыстарды ынталандыруға бағытталған», — деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев. 

Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 47,8 мың жұмыс орны құрылды. Оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша — 18 648 орын, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» — 21 689, «Бизнестің жол картасы-2025» — 3540, «Қарапайым заттар экономикасы» — 1 419, өңірлерді дамыту — 824, «Нұрлы жер» — 455, индустриялды-инновациялық даму — 869, білім мен ғылымды дамыту — 70.

«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 102 млрд тг 556 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 1,4 мың тұрақты жұмыс орнын құру арқылы 121,2 млрд тг 66 жоба мақұлданды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша ағымдағы жылы 21,7 мың жұмыс орнын құру арқылы 228 жоба жүзеге асырылуда. Соның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы шамамен 10,7 мың жұмыссыз еңбекпен қамтылды.

Сонымен қатар, Алматының Индустриалды аймағында 6,5 мың жұмыс орнын құрумен 200 млрд тг 53 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 2348 жұмыс орнын құрумен 63,5 млрд тг 13 жоба іске асырылды. Жыл соңына дейін 453 жұмыс орнын құрумен 17,3 млрд тг 6 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Сонымен қатар, «ИТП» АЭА базасында фармацевтикалық препараттар, медициналық бұйымдар мен техника өндірісін қамтитын жоғары технологиялық индустрияларды дамыту бойынша жұмыс жандандырылуда. Сондай-ақ, мұнда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру, медицина, аспап жасау саласындағы жобалар іске асырылуда. Бұл жобаларды іске асыру 400 млрд тг инвестиция тартуға және 6 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді