Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда құрылыс жұмыстарының көлемі артып келеді

Соңғы жылдары Талдықорған қаласында құрылыс қарқыны бұрынғыдан да еселеніп, 6-шы, 7-ші, 8-ші шағын аудандар, коттедж қалашығы бой көтерді. Бұлардың қатарында жастарға қызмет көрсету орталығы, музыка мектебі, Журналистер үйі, жалпы орта білім беретін мекемелер мен көпсалалы аурухана, жаңа субұрқақтар, 2010 жылы пайдалануға берілген Тіл сарайы, 1500 орынға арналған Спорт сарайы, Оқушылар сарайы, Көрме кешені бар. Әр нысан өзінің ерекше сәулетімен айшықталады. Бұған қоса шаһардың оңтүстік-батыс ауданында 16 қабатты «Көктем Гранд» қонақүй кешені бой көтеріп, пайдалануға берілді. 2016 жылдың 12 қазаны күні алғашқы қазығы қағылып, 2019 жылы ашылған заманауи драма театры да бүгінде халыққа қалтқысыз қызмет көрсетуде. Сәулетті Салтанат сарайының құрылысына еліміздегі ең танымал сәулетшілер тартылды. Бүгінгі күні бұл орын талай жастың некесін қиып, үлкен өмірге қадам басуына ықпал етіп жатыр.

Өткен жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Карантин, тағы да басқа шектеу шараларына қарамастан Талдықорған қаласындағы құрылыс жұмысы өз жалғасын тапты. Өзгесін айтпағанның өзінде, бір ғана 288 орынды Студенттер үйінің қолданысқа берілуі көңілімізге қуаныш ұялатқаны анық. Студенттер үйі «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» және «Адами капитал – жаңғыру негізі» Жолдауы аясында салынды. Жобаға жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Жағажайдың жанында тұрған бұл ғимарат 1990 жылдары салына бастаған. Кейіннен құрылысы тоқтап, аяқсыз қалған еді. Біраз уақыттан соң көпқабатты қонақүй сатып алынып, қайта жасалды. Осылайша, бұл нысан толық жөнделіп, бірер жылдың ішінде қала көркін ашатын сәулетті ғимаратқа айналды.

Елорда төрінде журналистердің сұрағына жауап берген облыс әкімі Амандық Баталов: «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда. Мәселен, биыл 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған. 2603 пәтерлік 521 тұрғын үй салынып жатыр, соның 1212-сі көпбалалы отбасыларға берілмек. Сонымен қатар жеңілдіктер қарастырылған «7-20-25», «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ 5-10-20» бағдарламаларымен 1986 отбасы пәтерлі болмақ», – деген еді. Бүгінде аталған жұмыстың дені орындалып, атқарылған істің игілігін жерлестеріміз көре бастады. Сол игілікті істердің бірқатары облыс орталығында атқарылып жатыр.

Облыс орталығындағы құрылыс жұмысы қазір де қарқынды жүруде. «Ынтымақ», «Жастар-1», «Жастар-2», «3-ші бөлімше» сияқты бірнеше жаңа тұрғын аудандар халық көптеп қоныстанған елді мекендерге айналды. Қалалық құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша, былтырғы құрылыс жұмыстарының көлемі 41,0 млрд.теңгені құрады. Жоспар бойынша 132,4 мың шаршы метр құрылыс салу жоспарланса, жыл соңындағы есеп бойынша 137,5 мың шаршы метр пайдалануға беріліп, жоспар артығымен орындалғаны белгілі болды. Сол қатарда екі Студенттер үйі, тұрғын үй, көпір, тағы да басқа нысандар бой көтеріп, қаламыздың көркеюі мен кемелдене түсуіне ықпал етті. Осы нысандарды салуда "Сурмак" ЖШС, "Құрылысшы ТБС" ЖШС, "Техноснаб" ЖШС, "Лепес" ЖШС, "Жетісужилстрой" ЖШС, "Шымыр" ЖШС, "Гаку Құрылыс" ЖШС, "Терра" ЖШС құрыш қолды құрылысшыларының үлесі мол.

Айта кетерлігі, қаладағы құрылыс жұмысы қыс бойы тоқтаған жоқ. Биыл қалалық құрылыс бөлімінің жоспары бойынша, 6, 7 және 8-шағын аудандарда мемлекеттік бюджет және жеке инвестиция есебінен жалпы ауданы 93,5 мың шаршы метр 1215 пәтерлік 31 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Жетісу» және 8-шағынауданында көлемі 20,5 мың шаршы метр болатын 277 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысы, Коттедж қалашығында жалпы алаңы 34 мың шаршы метр 377 коттедждің құрылысы жүргізілуде.

Коттедж қалашығын көріктендіру, оның ішінде инженерлік желілер бойынша су, кәріз, электр және газ желілерін тарту, жол салу жұмысы жалғасуда. Сондай-ақ, коттедж қалашығында 900 орынды мектеп жобасы бойынша "КАПРЕМПРОЕКТ" ЖШС жобалау ұйымы жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуде. Демек, бұл құжат дайын болғанда құрылыс жұмысы басталады. Осы арқылы коттеджді қалашықтағы оқушылардың орталыққа қатынап, білім алу мәселесі түбегейлі шешіледі.

Биыл Талдықорған қаласының «Көктем» шағынауданында бес қабатты үй «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынды. Үйдегі пәтерлердің жалпы саны 55, оның ішінде 15 бір бөлмелі, 15 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі, 5 төрт бөлмелі үй. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтерлерге ие болды. Алдағы уақытта Талдықорғандағы 6, 7, 8 шағынаудандарында және коттедж қалашығында мемлекеттік бюджет және жеке инвестиция есебінен жалпы ауданы 120 мың шаршы метрден асатын 35 көпқабатты тұрғын үй және 204 коттедждің құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Осылайша мемлекеттік бағдарламалар нәтижесінде халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары жылдан жылға қарқын ала түспек.

Биылғы жыл аймақтағы елдің тыныштығын, тұрғындардың қауіпсіздігін кепілдендіріп жүрген құқық қорғау органы қызметкерлерінің де баспаналы болып, қуанышқа кенелгенімен айшықталды. Облыс басшысының тапсырмасымен Талдықорған қаласынан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне 60 пәтерлі үй салынып, қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін де талдықорғандықтар талай жаңа баспанаға ие болып, қоныстойын тойлайтын болады.

Осындай игілікті жұмыстардың нәтижесінен құрылыс жұмыстарының қарқынды жүріп жатқанын аңғару қиын емес.

 Қажет Андас, Алматы облысы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді