Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Бостандық ауданында өрттен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр

Алматының Бостандық ауданында өрттен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіліп жатыр
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған қайғылы оқиғадан кейін аудан әкімдігі зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына қолдау көрсету үшін жедел шаралар қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде баспанасы өрттен зардап шеккен 9 адам қонақ үйге орналастырылды. Оларға заңгерлік көмек көрсетіліп, оның ішінде құжатын қалпына келтіруге жәрдем беріліп жатыр.

Аудан әкімдігі дін өкілдерімен бірлесіп, марқұмдарды жерлеу рәсімін ұйымдастыруды мойнына алды.

Оқиға орнында Бостандық ауданының әкімі жүр. Ол жедел қызметтің жұмысын үйлестіріп, бірінші кезекте шешілуге тиіс мәселелерді реттеп жатыр.

«Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Отбасы үшін осындай ауыр кезеңде оларға барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Жағдай тұрақты бақылауда», – деп мәлімдеді Бостандық ауданы әкімдігінің өкілдері.

Көмек алу және өзге де мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Байланыс орталығы демалыссыз, тәулік бойы жұмыс істейді.

Өрттің шығу себебі мен оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Барлық тиісті қызмет жедел режимде жұмыс істеуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды