Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы қаласының Бостандық ауданында «Almaty jastary» жаңа Жастар ресурстық орталығы ашылды

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мен Бостандық ауданы әкімдігінің қолдауымен жастар мен жастар ұйымдары үшін әлеуметтік алаң ұсыну мақсатында Бостандық ауданында «Almaty jastary» жастар ресурстық орталығы ашылды.


Жастар ресурстық орталығы жастарға қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша (жұмысқа орналастыру, тұрғын үй мәселелері, мемлекеттік бағдарламалар, кәсіпкерлік және т.б.) жұмыс істейтін болады.


Жастар ресурстық орталығында «Атамекен» ҰКП, Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметкерлері жүгінген жастарды қолдау бойынша кеңес береді.

 

Сондай-ақ, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар, жастарға арналған мүмкіндіктер және қалада жүргізіліп жатқан реформалар, жас отбасылар арасында ажырасудың алдын алу, NEET санатындағы жастармен жұмыс, жастарға анонимді психологиялық көмек көрсету, жастар мен жастар ұйымдарына құқықтық, әдістемелік көмек көрсету туралы кеңестер өткізіледі.


Сонымен қатар, орталық қызметкерлері Бостандық ауданының жастарына колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу, сондай-ақ студенттер үшін жатақхана алу мәселелері бойынша кеңес беретін болады.

 
 

Қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін call-орталық құрылады, ол аудан жастарына онлайн режимде кеңес береді.


Айта кету керек, бүгінгі таңда қаланың барлық ауданында «шетсіз қала» қағидаты бойынша оңтүстік астананы дамыту шеңберінде Жастар ресурстық орталықтары ашылды.


«Еңбек» бағдарламасы аясында ЖРО ашылған алғашқы күні-ақ Бостандық ауданының 50 жас тұрғындары «Жастар практикасы» мен «Қоғамдық жұмыстар» арқылы қалыптасты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты