Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорған қаласында 3,8 га аумақты қамтитын замануи бассейн ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауы және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауында берген тапсырмаларының арқасында елімізде дене шынықтыру және спорт саласы қарқынды дамуда. 

Алматы облыстық спорт және дене-шынықтыру басқармасының биылғы бюджеті 21,5 млрд. теңгені құрады. Облыста спортпен жүйелі түрде 667 428 адам шұғылданады. Бұл облыс тұрғындарының 32 пайыздан астамын құрайды. Жыл басынан бері аймағымыздан 13 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 129 спорт шебері, 271585 спорт шеберлігіне үміткер және 239 бірінші дәрежелі спортшы шыққан. Олар халықаралық және республикалық жарыстарда бақ сынап, 2603 медаль (868 алтын, 779 күміс, 956 қола) жеңіп алыпты. Айта кетерлігі, Жапонияның астанасы Токио қаласында өткен байрақты бәсекеге облысымыздан 9 спортшы аттанып, Зұлфия Чиншанло мен Игорь Сон олимпиаданың қола жүлдесін иеленіп қайтты. «Токио – 2020» Олимпиадасында еліміз қоржынына түскен 7 медальдің екеуі жетісулықтардың еншісіне тигені спорттағы жетістігіміздің тағы бір көрінісі.

Ел намысын қорғайтын өрендеріміз үшін барлық жағдай жасалуда. Атап айтсақ, облыста дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін 3718 бірлік спорттық құрылым бар. Спорт саласында бүгінге дейін облыс бойынша барлығы 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. Биыл Балқаш және Райымбек аудандарындағы спорт кешендері пайдалануға берілді. Алдағы уақытта Ақсу ауданының Жансүгіров кентінде, Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында, Алакөл ауданының Лепсі ауылы мен «Достық» бекетіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.


Талдықорған қаласында Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи жүзу бассейні ашылды. Аталған ғимарат қаланың төрінде 3,8 га жерге қанатын жайды. Бұл ғимараттың жалпы ауданы 13 мың шаршы метрден асады. Жүзу бассейнінің құрылысына 11,4 млрд.теңгеден астам қаражат жұмсалды. Мұндай әсем де, әдемі, зәулім спорттық нысанның бой көтеруі – ел экономикасы дамуының айқын көрінісі. Жабық бассейннің жалпы ауданы 27 мың шаршы метрді құрайды. Онда әлемдік стандарттарға сәйкес келетін 3 бассейн бар. Олардың бірі - ұзындығы 50 метр, жүзу, аквааэробика, су добы және синхронды жүзу бойынша оқу-жаттығу сабақтарына арналған. Ал екіншісі биіктігі 5-тен 10 метрге дейін суға секіру үшін жасалған. Онда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар өтеді, оларды амфитеатр түріндегі мінбелерден 500-ден астам адам бақылай алады. Басейін құрылысын «Bazis-A» халықаралық құрылыс компаниясы жүргізген жүзу бассейнінің құрылысына 11,4 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған. Нысанның сыртқы кейпі теңізде жүзіп жүрген алып балықты елестетеді.

Бүгінде мұнда 1126 бала жүзумен айналысады, қосымша тағы 2 мың бала қабылданады. Қарапайым халыққа да қолжетімді болсын деген мақсатта кешкі 6-дан түнгі сағат 10-ға дейін суда жүзіп, жаттығуға мүмкіндік жасалған. Кез-келген адам отбасымен немесе жеке өзі келіп бір күндік немесе бір айлық абонемент алып суға түсе алады. Шындығында бассейн өте жақсы, болашақта осы жерден Олимпиада чемпиондары шығады деп сенеміз.

Облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ бірқатар құрылыс компаниясы мен инвесторларды қабылдаған кезде: 

«Біз сіздерді біраз жылдан бері білеміз. Бұрындары компанияларыңыз облыста болмаған. Енді, міне, сіздердің құрылысшыларыңыздың еңбегімен облыс орталығында небір көз тартарлық әдемі ғимараттар бой көтеріп, қала сәнін кіргізуде. Мәселен, жаңа салынған жүзу бассейінінің өзі шаһарға қандай керемет көрік беріп тұр?!» – деп құрылысшылар еңбегін жоғары бағалаған болатын.

Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылында бой көтерген, жаңа жоба, заманауи спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын Сейітжан Құсайынов басқаратын «Фуд МС» ЖШС-нің құрылысшылары мен мамандары мерзімінде аяқтап шықты. Осынау игілікті дүниеге бюджеттен 1,2 миллион теңге қаражат бөлініп, игерілді. Облыс әкімінің орынбасары бастаған көпшілік, алыстан ат арылтып келген мәртебелі қонақтар спорт кешенінің ішін аралап, көріп шықты. 180 орынды кешенде бір ауысымда 144 адамның спортпен айналысуына мол мүмкіндік бар. Екі қабатты ғимараттың ішінде күрес, бокс, волейбол, гандбол және жаттықтыру залдары бар. Сырт жақта газон төселген үлкен футбол алаңы, баскетбол алаңы жасалған. Ғимараттың шағын мәжіліс залы, 32 адамға арналған асханасы, 4 киім ауыстыратын бөлмесі қамтамасыз етілген.

Балқаш ауданы, Бақанас ауылында жаңадан бой көтерген дене шынықтыру-сауықтыру кешені облыста пайдалануға берілген 13-ші спорттық кешен. Нысанның ашылу салтанатында облыс әкімі Амандық Баталовтың өзі қатысқан болатын:

– Балқаш ауданы – облыс орталығынан шалғай жатқан аудан. Біз осы ауданға үнемі ерекше көңіл бөліп келеміз. Бақанасқа табиғи газ жеткіздік. Газ тарату жүйесі салынып, қазіргі кезде елді мекендерде ауыл ішілік желілер жүргізілуде. Бұрын ешкім шалғайдағы Бақанасқа газ келеді деп ойламаған еді. Бүгінгі күні бұл іс жүзеге асты. Өз кезегінде газдандыру халықтың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтереді. Ауданда кезектегі азаматтарға, көп балалы отбасыларға, жас мамандарға беру үшін тұрғын үйлерді де көптеп салып жатырмыз. «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында абаттандыру жұмыстарына қаржы бөліп, көркейту шаралары атқарылуда. Бүгін, міне, дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашып, балалардың спортпен шұғылдануына зор мүмкіндік жасалып отыр. Бұл облыста соңғы жылдары салынып, іске қосылған 13-ші кешен. Тағы төртеуінің құрылысы аяқталуға жақын. Осы жерден күні ертең мықты спортшылар шығады деп сенемін, – деп ақ тілегін жеткізді.

Бақанастағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Оны салуға 1 млрд. 102 млн. теңге жұмсалды. Жалпы ауданы 4 257 шаршы метр болатын ғимаратта күрес, бокс, футбол, баскетбол, волейбол, теннис сияқты спорт түрлеріне баулуға барлық жағдай жасалған, тиісті спорттық құралдармен толық жабдықталған. Кешенде волейбол, күрес, бокс, тренажерлық залдар, далада баскетбол, футбол алаңдары орын алған.

Болашақ жас ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына және облыстағы бұқаралық спорттың дамуы үшін осындай спорт кешендер санын көбейтуіміз қажет. Себебі дені сау адам – мемлекеттің ең басты капиталы.

Қажет Андас, Алматы облысы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті