Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Отбасылық жұп алаяқтарға көмектескен: полиция SIM-box құрылғылары мен SIM-карталарды тәркіледі

Отбасылық жұп алаяқтарға көмектескен: полиция SIM-box құрылғылары мен SIM-карталарды тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Павлодар қаласында полиция қызметкерлері «телефон» алаяқтарына көмектескен отбасылық жұпты ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел іздестіру іс-шаралары ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің үйлестіруімен жүргізілді.

– Жалдамалы пәтерде әрқайсысында 8 слоты бар 5 sim-box құрылғысы анықталды. Онда қазақстандық ұялы байланыс операторларының sim-карталары орнатылған. Олардың көмегімен республика аумағында интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абоненттік нөмірлер тіркелген. Сонымен қатар 4 роутер мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 sim-картасы тәркіленді. Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Анықталғандай, олардың міндетіне апта сайын құрылғылардағы sim-карталарды ауыстыру кірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, – деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, интернет-алаяқтармен және олардың сыбайластарымен белсенді күресті жалғастырып келеді. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам нөмір бұғатталды. Олар арқылы 200 мың алаяқтық қоңырау шалынған.

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері 28 интернет-алаяқты, sim-box станцияларының 3 «операторын» ұстап, 7 sim-box құрылғысы мен түрлі ұялы операторлардың
285 sim-картасын тәркіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады