Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Қытай техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында Тяньцзинь қаласында өткен «Техникалық және кәсіптік білім беру: өзгерістерді қабылдау, стандарттарды қалыптастыру және ортақ болашақты құру» атты халықаралық конференцияға қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Халықаралық жиында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту, мамандар даярлау сапасын арттыру және халықаралық білім беру стандарттарын жетілдіру мәселелері қаралды. Қазақстандық делегация білім министрлерінің дөңгелек үстеліне қатысып, «Бейжің келісімі» аясындағы тәсілдерді талқылады.

Конференцияның «Техникалық білім беру Жібек жолы бойындағы ынтымақтастықтың жаңа келбетін қалыптастырады» атты сессиясында Жұлдыз Сүлейменова Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, еңбек нарығының сұранысына сай білікті кадрлар даярлау бағытындағы тәжірибесін таныстырды. Сапар аясында министр Қытай Халық Республикасының Білім министрі Хуай Цзиньпэнмен және Білім вице-министрі Ван Гуаньяньмен кездесулер өткізді.

Тараптар екі ел арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, тәжірибе алмасу және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Кездесулер барысында Қытай тарапы техникалық және кәсіптік, сондай-ақ инженерлік білім беру салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету, академиялық ұтқырлықты кеңейту және цифрлық білім беру бағытындағы бірлескен жұмысты дамыту жөнінде ұсыныстар білдірді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды