Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Қытайда өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясына қатысты

Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Қытайда өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясына қатысты
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қытай Халық Республикасының (ҚХР) Чжэцзян провинциясының Ханчжоу қаласында өткен Дүниежүзілік цифрлық білім беру конференциясы – 2026 (World Digital Education Conference) іс-шарасына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Конференцияны ҚХР Білім министрлігі мен Чжэцзян провинциясының халық үкіметі ұйымдастырды. Іс-шара білім беруді цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, білім беру саласы мен сарапшылық қауымдастық өкілдерінің басын қосты.

Конференция барысында қазақстандық делегация ашылу рәсіміне, пленарлық отырысқа және цифрлық білім беру ортасын дамытуға, жасанды интеллект технологияларын енгізуге, білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және цифрлық экономикаға қажетті кадрларды даярлауға арналған панельдік сессияларға қатысты.

Педагогтер мен білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту, білім беру үдерісін дараландыру, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беруде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық қағидаттарын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция қорытындысы бойынша Жұлдыз Сүлейменова жасанды интеллект пен білім беру саласындағы Ханчжоу бастамасын қабылдау рәсіміне қатысты. Құжат білім беру саласында жасанды интеллект технологияларын жауапты, адамға бағдарланған және инклюзивті түрде қолдануға бағытталған халықаралық ұстанымдарды қамтиды.

Конференцияға қатысу білім беруді цифрландыру бағытындағы озық халықаралық тәжірибені зерделеуге және Қазақстанның білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні дамытудың келешекті бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды