ШҚО-да бір аптада тазалық талаптарын бұзудың 82 дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Таза Қазақстан" аясында аумақтардың тазалығын сақтауға ғана емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Шығыс Қазақстан облысында полицейлер абаттандыру қағидаларының сақталуын күнделікті бақылап, заң бұзушылықтардың жолын кесуде. Өткен аптада 82 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның 65-і абаттандыру қағидаларын бұзуға, ал 17-сі қоғамдық орындарды ластауға қатысты.
Тазалықты сақтау – елдімекендердің көркін ғана емес, тұрғындардың ортақ мәдениеті мен айналасындағыларға деген құрметін де көрсетеді. Полиция тұрғындарды белгіленген талаптарды сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және өз іс-әрекетімен қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосуға шақырады.