Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды

Алматыда жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың XVII отырысы өтті. Жиында жалпы құны 142 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба қаралды. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде шамамен 950 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобалар энергетика, өнеркәсіп және туризм салаларын қамтиды. Атап айтқанда, Түрксіб ауданында қуаты 37 МВт және жылу өндіру көрсеткіші 43 Гкал болатын жылу электр станциясын салу көзделген. Жаңа станция аудандағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу және электр қуатымен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өндіріс саласында үш жоба ұсынылды. Оның бірі Жетісу ауданында сусын өндіретін зауыт салу. Қалған екеуі Алматының Индустриялық аймағында жүзеге асырылады. Олар суды толық циклмен тазарту жүйелерін өндіретін кәсіпорын және талшықты-оптикалық кабель шығаратын зауыт.

Сонымен қатар күн тәртібіне қонақ үй инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жеті жоба енгізілді. Олардың қатарында халықаралық брендтермен жұмыс істейтін қонақ үйлер де бар.

Жиын соңында Дархан Сатыбалды тиісті басқармалар мен аудан әкімдеріне жобаларды жүзеге асыруда инвесторларға қажетті қолдау көрсетуді тапсырды. Сонымен бірге барлық бастаманың заңнама талаптарына сәйкес келісу рәсімдерінен өтіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуы қажеттігін ескертті. Қала әкімдігі өз құзыреті шеңберінде инвесторларға қолдау көрсетуге және туындаған мәселелерді жедел шешуге көмектесуге дайын.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды