Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Өңірлік штаб отырысында инвестициялық жобалар қаралды

Алматыда Өңірлік штаб отырысында инвестициялық жобалар қаралды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында көлік, энергетика, өнеркәсіп және инновация салаларындағы қолданыстағы әрі келешектегі инвестициялық жобалар жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиын барысында ГТС-2 жүк терминалын дамыту, жылу электр станциясын салу, автобус паркін жаңғырту және зарядтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту жайы талқыланды. Бұған қоса, газ толтыру станцияларын құруға қатысты жобалар да қаралды.

Өнеркәсіптік бағытта жаңа буындағы темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт салу және автокөлік орындықтарын өндіру көлемін арттыруға арналған жобалар ұсынылды.

Сайран маңында инновациялық қалалық СЭС пен жасанды интеллект музейін құру жөніндегі бастама таныстырылды. Бұл жоба энергетика, заманауи технология мен білім беру салаларын тоғыстырып, болашақта қалаға серпін беретін орталық ретінде сипатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті басқармаларға аталған жобаларды одан әрі қолдап, әрбірін тиянақты түрде пысықтауды тапсырды. Инвестициялық штаб тұрақты жұмыс істеп, қолға алынған бастамалардың орындалуына бақылау күшейтіледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті