Мемлекет басшысы Ұлттық мерекеге орай Латвия Президентіне құттықтау хат жолдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эдгарс Ринкевичсті Латвия Республикасын жариялау күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық одан әрі кеңейе түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Эдгарс Ринкевичстің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Латвия халқына бақ-береке тіледі.