Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет Құрылтайда онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заң жобаларын ұсынды

Үкімет Құрылтайда онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері бойынша заң жобаларын ұсынды
Фото: primeminister.kz

Құрылтай депутаттары Үкімет ұсынған онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша заң жобаларын, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттар цифрлық платформалардың жауапкершілігін күшейтуге, балаларды қорғауға және медиа саланы жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобаларын мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев таныстырды. Ұсынылған өзгерістер төрт негізгі бағытты қарастырады:

  • Онлайн платформалардың жауапкершілігі. Өкілдіктерді Қазақстанда міндетті түрде тіркеу, құқыққа қайшы контентті жою туралы нұсқамаларды орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік және аудиториясында 5 мыңнан астам жазылушысы бар анонимді пайдаланушыларды сәйкестендіру тетігі қарастырылады.
  • Балалардың қауіпсіздігі. 16 жасқа толмаған балаларды онлайн-платформаларда тіркеуге тыйым салу. Жекелеген адамдар арасындағы қарым-қатынас үшін пайдаланылатын мессенджерлерден шектеуді алып тастау.
  • Аудиовизуалды платформаларды реттеу. Осындай платформалар арқылы теле және радиоарналарды таратуды лицензиялау және Қазақстандағы онлайн-кинотеатрлардың заңды өкілдерін анықтау.
  • Азаматтардың құқықтарын қорғау. Мемлекеттік органдардың жауаптарын БАҚ-та жариялау кезінде арнайы белгі қою, теріске шығаруды сол ақпарат көзінде орналастыру, интернетте жала жапқаны және БАҚ-та және онлайн-платформаларда балағат сөздер айтқаны үшін әкімшілік жауапкершілік. Сондай-ақ адамдардың фото-, видео бейнелерін пайдалану ережелері нақтыланады, білім беру контентіне және оккульттік қызметтердің сипаты туралы ақпаратты алуға мүмкіндік беріледі.

«Біздің міндетіміз – мемлекеттің ірі онлайн-платформалармен өзара іс-қимылының пәрменді тетігін қалыптастыру, мұнда заңнаманы сақтау сөз жүзіндегі талап емес, олардың ел аумағындағы қызметінің міндетті шарты болады. Ұсынылған нормалар құқыққа қайшы контентке қарсы іс-қимылға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың, ең алдымен балалардың құқықтарын қорғауға, ақпараттық кеңістіктің ашықтығын қамтамасыз етуге және жауапты цифрлық ортаны қалыптастыруға бағытталған», — деп атап өтті Арман Қырықбаев.

Сонымен қатар, Құрылтай депутаттары екінші оқылымда 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын, сондай-ақ бірінші оқылымда Сингапурмен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы және Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттермен цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарап, мақұлдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды