Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу өңіріндегі жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінді

Жетісу өңіріндегі жылу желілерін жөндеуге Үкімет резервінен 5,7 млрд теңге бөлінді
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты сенімді жылумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Жетісу облысыныі орталығы Талдықорған қаласында жылумен қамту нысандарын салу жобаларына шамамен 5,7 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған қаражат қаладағы Оңтүстік-Батыс жаңа тұрғын ауданында қазандық пен жылу желілерін тарту жобаларын аяқтауға бағытталады.

Бүгінде Талдықорған қаласының орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінде жалпы қуаты 400 Гкал/сағ болатын 10 қазандық жұмыс істейді. Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 179 шақырымды құрайды, орташа тозу деңгейі – 62%. «Басқуат» орталық қазандығы 1980 жылы пайдалануға берілген, оның негізгі жабдықтары 71% тозған.

Облыс орталығындағы халық саны жыл сайын артып келе жатқандықтан, «Басқуат» қазандығы қосымша жылу жүктемесін толық қамтамасыз ете алмай отыр.

Осыған байланысты жүктемені азайту және кезең-кезеңімен экологиялық таза энергия көздеріне көшу мақсатында қалада қуаты 49 Гкал/сағ болатын қазандықтың құрылысы жүргізілуде.

Жоба құны келісімшарт бойынша 11,1 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының шамамен 60%-ы орындалды. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылғы қазан айына жоспарланған.

Жаңа қазандықтың толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін Оңтүстік-Батыс тұрғын ауданына жылу желілерін тарту жобасы қатар жүргізілуде. Аталған жобаны аяқтау да осы жылдың күзіне жоспарланған.

Жобаларды уақтылы жүзеге асыру нәтижесінде «Болашақ», «Көктем», «Бірлік» және «Құлагер» шағын аудандарында 2024–2026 жылдары салынған көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар сапалы әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етіледі. Жалпы абоненттер саны 20 мыңды құрайды, оның ішінде 120 көпқабатты тұрғын үй және 17 әлеуметтік, коммерциялық және өзге де нысандар бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады