Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2026 жылдың тоғыз айында Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2%-ға өсті

2026 жылдың тоғыз айында Алматыда өнеркәсіп өндірісі 22,2%-ға өсті
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 1,97 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ға артық. Өсімге негізінен машина жасау, тамақ және фармацевтика салаларының дамуы ықпал етті. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 1,67 трлн теңгеге жетіп, жалпы өнеркәсіп өндірісінің 84,8% болды. Осы саланың өсу қарқыны бойынша Алматы Қазақстан өңірлері арасында көш бастап тұр.

Ең жоғары өсім машина жасау саласында байқалды. Мұнда өндіріс көлемі 66,3%-ға артты. Өндірілген өнімнің едәуір бөлігін автокөлік өнімдеріне тиесілі.

Тамақ өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 9,4%-ға өсіп, 261 млрд теңгеге жетті. Фармацевтика саласында 20,4% өсім тіркеліп, өнім көлемі 21,8 млрд теңгеге жетті.

Өнеркәсіптің дамуына Алматының Индустриялық аймағында жаңа өндіріс орындарының ашылуы да серпін беріп отыр. Жыл басынан бері мұнда жалпы құны 5,8 млрд теңге болатын бес жоба іске қосылып, 345 жаңа жұмыс орны құрылды.

Олардың қатарында ALC панельдері мен газоблоктар өндіретін зауыт, Euro Truck Service логистикалық орталығы, жылу және сумен жабдықтау жабдықтарын шығаратын кеңейтілген өндіріс кешені, сондай-ақ екі шағын өнеркәсіптік парк бар.

2026 жылдың соңына дейін жалпы құны 6,7 млрд теңге болатын тағы алты жобаны іске қосып, 346 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Индустриялық аймақта жалпы құны 1 трлн теңгеден асатын жобаларды жүзеге асырып жатқан 163 компания жұмыс істейді. Аталған жобалар аясында 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды