Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда ашық арық желілері мен нөсер кәріздері кеңейтіледі

Алматыда ашық арық желілері мен нөсер кәріздері кеңейтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда ашық арық желісін сақтау, қалпына келтіру және кеңейту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Жыл сайын қала аумағында қолданыстағы арықтар жаңартылып, жаңа желілер салынады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл бұл жұмыстар қаланың орталық, шығыс және батыс бөліктерін қамтыды. Атап айтқанда, орталық бөлікте 76,6 шақырым, шығыста 30,7 шақырым, ал батыста 37 шақырым арық желісін салу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Қаланың 2040 жылға дейінгі түзетілген Бас жоспарында ашық арықтарды сақтауға ерекше мән берілген. Құжатқа сәйкес, арықтарды құбырларға ауыстыруға тыйым салынады. Ашық арық салуға техникалық мүмкіндік жоқ кейбір учаскелерде ғана құбыр пайдалануға рұқсат етіледі.

«Алматыда арық желісін қысқарту емес, керісінше кеңейту көзделіп отыр. 2030 жылға дейін кемінде 100 шақырым арық қалпына келтіріліп, әл-Фараби және Абай даңғылдарының бойында жаңа магистральдық арналар салынады. Ал 2040 жылға қарай ашық су бұру желісінің ұзындығын қазіргі 290 шақырымнан 483 шақырымға дейін жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар ұзындығы 357 шақырым болатын жабық нөсер кәрізі салынады. Бұл жүйе қолданыстағы арықтарды алмастырмайды, керісінше олардың жұмысын толықтырады. Жаңа кәріз желілері нөсер жауын кезінде ойпаң аумақтар мен күрделі жол қиылыстарында жиналатын суды тиімді бұруға мүмкіндік береді», – деп хабарлады қала әкімдігінің өкілдері.

Әкімдікте ашық арықтар мен өзендердің қаланың экологиялық жағдайын жақсартудағы маңызына да тоқталды. Олар әсіресе түнгі уақытта ауаны табиғи жолмен салқындатып, ағаштар мен жасыл желектерді ылғалмен қамтамасыз етеді. Осыған байланысты Алматының жаңа Бас жоспарында ашық арық желілерін қаланың су және жасыл инфрақұрылымының ажырамас бөлігі ретінде сақтап, одан әрі дамытуға басымдық берілген.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды