Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбелік студент алаяқтарға сеніп, 10 миллион теңгеге жуық қаражатынан айырылды

Ақтөбелік студент алаяқтарға сеніп, 10 миллион теңгеге жуық қаражатынан айырылды
Фото: polisia.kz

Ақтөбелік студент алаяқтарға сеніп, 10 миллион теңгеге жуық ақшасынан айырылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын екінші курс студенті интернет-алаяқтардың құрбаны болып, қомақты қаржысынан айырылды. Қыздың WhatsApp мессенджеріне белгісіз адам қоңырау шалып, өзін ұялы байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырған. Ол SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту сылтауымен студенттің сеніміне кірген. Арада біраз уақыт өткен соң оған тағы бір белгісіз адам хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол белгісіз біреулер студенттің атына несие рәсімдеуге әрекет жасап жатқанын айтып, ақшасын қорғау үшін оны “қауіпсіз шотқа” аудару қажеттігін жеткізген.

Алаяқтардың сөзіне сенген студент оқу ақысын төлеу үшін депозитке жинаған қаражатын шешіп алып, қаскөйлер көрсеткен шотқа 10 миллион теңгеге жуық ақша аударған. Тек ақшаны аударғаннан кейін ғана қыз алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген. Полиция азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырады! Алаяқтар SIM-картаның қызмет ету мерзімін ұзарту, сіздің атыңызға несие рәсімделіп жатқаны туралы жалған ақпарат тарату және ақшаны “қауіпсіз шотқа” аудару сияқты түрлі тәсілдерді қолданады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды