Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысында америкалық компаниялардың қатысуымен 248,5 млрд теңгенің жобалары іске асырылуда

Алматы облысында америкалық компаниялардың қатысуымен 248,5 млрд теңгенің жобалары іске асырылуда
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы облысында америкалық компаниялардың қатысуымен жалпы құны 248,5 млрд теңгені құрайтын үш инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл шамамен 550 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл мәлімет Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Питер Кауфманмен кездесуінде  айтылды. Жиында сондай-ақ сауда-экономикалық, гуманитарлық, инновация, инвестиция және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру барысы талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасында кең ауқымды стратегиялық әріптестік орнаған. Америкалық инвестициялар негізінен тау-кен өнеркәсібі, жылжымайтын мүлік, жалға беру мен кәсіпорындарға қызмет көрсету, сондай-ақ қаржы саласына бағытталған. Алматы облысы мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Мәселен, өткен жылы екіжақты тауар айналымы 81 млн АҚШ долларынан асты. Қазіргі уақытта облыста америкалық капиталдың қатысуымен 9 кәсіпорын жұмыс істейді. АҚШ-тан негізінен автомобильдер мен көлік құралдары, олардың қосалқы бөлшектері, фармацевтикалық өнімдер мен косметика импортталады. Осыған орай Шыңғыс Сайранұлы Алматы облысының әкімдігі инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

«Соңғы үш жылда облыс шет мемлекеттердің 18 өңірімен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдерге қол қойды. Осыған байланысты Америка құрама штаттарының бірімен тікелей өңіраралық әріптестік орнатуға ерекше мүдделіміз. Бұл нақты жобалар мен тың бастамаларды іске асыруға жол ашады. Сонымен қатар америкалық инновациялық технологияларды тәжірибеден өткізуге ниеттіміз. Ғылыми-зерттеу институттарымен және мемлекеттік органдармен әріптестік орнату жаңа технологияларды импорттау мен оларды өндіріске тиімді енгізуде маңызды рөл атқарады», – деді аймақ басшысы.

Келесі болып сөз тізгінін алған  Питер Кауфман бүгінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық бұрын болмаған жоғары деңгейге жеткенін атап өтті. Оның сөзінше, соңғы алты жылда екіжақты сауда көлемі екі есеге ұлғайып, Қазақстанға 17 млрд доллар инвестиция салынды.

«Қазіргі таңда қос мемлекет арасында саяси, сауда-экономикалық байланыс тереңдеп келеді. Біз бұл қарқынды одан әрі арттыруды көздейміз. Алдағы уақытта әсіресе білім мен мәдениет саласындағы жобаларды жетілдіру маңызды. Біз Алматы облысы мен АҚШ арасында ынтымақтастық орнату идеясын қолдаймыз. Қазіргі таңда мұнда АЭС, «Алатау сити» сияқты жобалар қолға алынғанын білеміз. Бұл бастамаларға инвесторлардың қызығушылығы жоғары. Өз тарапымыздан тиісті қолдау шараларын атқаратын боламыз», – деді Бас консул. 

Жиын қорытындысында тараптар ынтымақтастықты жандандырып, бірлескен бастамаларды жетілдіруге келісті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды